Трамп Польшаға 5 мың америкалық әскер жіберілетінін мәлімдеді

222

АҚШ президенті жіберілетін әскердің Польшадағы қазіргі контингентке қосымша күш пе, әлде ротация аясындағы ауысым ба екенін нақтыламады.  

Трамп Польшаға 5 мың америкалық әскер жіберілетінін мәлімдеді Фото: Polskie radio

АҚШ президенті Дональд Трамп Польшаға 5 мың америкалық әскер жіберілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда оның бұл әскери күштің Польшадағы қазіргі контингентке қосымша ретінде бара ма, әлде ротация аясында ауыстырылатын бөлімдер ме екені нақтыланбады.

Бұған дейін БАҚ Польшадағы шамамен 4 мың америкалық әскердің ротациясы күтпеген жерден кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ АҚШ-тың Германиядан 5 мың әскерін әкету жоспары жарияланғаннан кейін Вашингтон Еуропадағы әскери қатысуын қысқартуы мүмкін деген болжамдар айтылған еді.

Дегенмен АҚШ вице-президенті Джэй Ди Вэнс Польшадағы контингентті қысқарту мәселесі қарастырылып отырмағанын, тек әскер ротациясы кешіктірілгенін мәлімдеді.

22 мамырда Швецияның Хельсингборг қаласында НАТО елдерінің қорғаныс министрлері кездеседі. Жиынға АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да қатысады.

Кездесу қарсаңында Рубио Иранмен қақтығыс кезінде НАТО-ның кейбір елдері АҚШ-қа қолдау көрсетпегенін айтып, Испанияның әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермегеніне көңілі толмайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу