Трамп порножұлдызға ақша төлегені үшін айыпталды

576

Тергеу амалдары мен тағылған айыптардың барлығы АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамптың саяси мансабына нұқсан келтіруі мүмкін.  

Трамп порножұлдызға ақша төлегені үшін айыпталды Фото: azh.kz

Бұған дейін 2020 жылғы сайлаудағы жеңілісіне және Президенттік мерзім аяқталғаннан кейін өзімен бірге алып кеткен құпия құжаттарға қатысты айып тағылған Дональд Трамп тағы бір дау-дамайға тап болды, деп жазады inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

Енді оған порнографиялық фильмге түсетін актрисамен арадағы байланыс жайлы тіс жармау үшін ақы төледі деген айып тағылды.

Ең ірі екі тергеуді бас прокурор Меррик Гарланд тағайындаған арнайы прокурор Джек Смит прокурорлардың үлкен тобымен бірге басқарады.

Олардың бірі Трамптың 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін жою әрекеті мен оның жақтастарын АҚШ Капитолийіне баруға және Конгресстің сайлаушылар алқасында дауыс беру нәтижелерін сертификаттауына жол бермеу үшін күресуге шақыруымен байланысты.

Сол күні Трамптың 2 мыңға жуық жақтастары Капитолийге шабуыл жасап, бөлме іштерін талқандап, полициямен қақтығысқа түсті.

Смиттің тағы бір тергеуі Трамптың өзімен бірге Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясына алып кеткен құпия құжаттарымен байланысты, ол заңда көрсетілгендей оларды Ұлттық мұрағатқа тапсыруы керек еді.

Трамп кейбір құжаттарды билік сұрағаннан кейін өз еркімен қайтарды.

Алайда, Әділет департаменті кейбір қағаздар әлі де Мар-а-Лагода деп күдіктеніп, ол өткен тамызда тінтуге рұқсат алған ФБР агенттері құпия материалдарды ақыры тапты.

Трамп бұрынғы президент ретінде бұл құжаттарды сақтауға құқылы екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Атлантадағы мемлекеттік прокурор Фани Уиллис Трамптың Джорджиядағы сайлау нәтижелерін жою әрекетіндегі рөлін зерттеп жатыр.

Одан бөлек Нью-Йорк штатының Бас прокуроры Летиция Джеймс Трампты жылжымайтын мүліктің құнына қатысты несие берушілер мен сақтандырушыларға жалған ақпарат берді деп айыптады.

Ол Трампқа, оның ұлдары кіші Дональд пен Эрикке және оның қызы Иванкаға Нью-Йоркте бизнес жүргізуге тыйым салуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу