Трамп президенттік жалақыдан бас тартатынын айтты

975

Трамп президенттік жалақыдан бас тартатынын айтты

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзінің жалақысынан бас тартатынын айтты. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына сұхбаты барысында осыған дейін өзі жария еткен мөлшері 400 мың доллар болатын жалақысынан бас тартатынын растады. "Заң бойынша мен кемінде 1 доллар жалақы алуым керек. Яғни, мен 1 доллар жалақы аламын",-деді саясаткер. Оның жеке байлығын Forbes 3,7 миллиард долларға бағалады.

Трамп өзінің жалақысынан бас тартқан үшінші президент болмақ. Мұндай қадамға кезінде Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де барған болатын. Олар өздерінің президент болып тұрғандағы жалақыларын қайsрымдылыққа аударды.

Республикалық Дональд Трамп 8 қараша күні өткен АҚШ президентінің сайлауында сайлаушылардың 290 мың даусын жинап, жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу