Трамп Путин мен Байденнің саммитіне қатысты пікірін білдірді

814

Ол Ресейге қарсы салынған санкцияларды тоқтатқысы келетінін атап өтті.

Трамп Путин мен Байденнің саммитіне қатысты пікірін білдірді

Құрама Штаттардың экс-президенті Дональд Трамп Ақ үйдің қазіргі басшысы Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің саммитіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Трамптың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Вашингтон бұл кездесуден ешқандай басымдыққа ие болған жоқ.

"Біз ештеңе ала алмадық. Ресейді сахнамен қамтамасыз еттік, бірақ ештеңеге қол жеткізбедік.Менің ойымша, бұл Ресей үшін жақсы күн болды", – деді Трамп.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі "Солтүстік ағын-2" газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруға кедергі келтірмегеніне өкініш білдірді.Сонымен қатар ол Ресейге қарсы салынған санкцияларды тоқтатқысы келетінін мәлім етті. Трамп бұл қадам елдер арасындағы ынтымақтастық үшін тиімді болуы мүмкін деген пікірде. 

"Оларға экономика керек, ал бізге оларда бар заттар керек. Минералды ресурстар тұрғысынан олардың жері өте құнды", – деп басып айтты Трамп. 

16 маусымда Женевадағы Ла Гранж вилласында Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Саммит 4,5 сағатқа созылды. Қос президент келіссөздердің сындарлы болғанын және позитивті өткенін мәлімдеді. Келіссөздердің нәтижесі бойынша, Ресей Федерациясы мен АҚШ ядролық соғыста жеңімпаз болуы мүмкін еместігін және ешқашан ондай соғысты ашуға болмайды деген ұстанымды тағы да растады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу