Трамп: Путин зор үміт күттіретін мәлімдеме жасады, бірақ...

311

Вашингтон Мәскеудің жауабын асыға күтіп отыр. 

Трамп: Путин зор үміт күттіретін мәлімдеме жасады, бірақ... Фото: hromadske

Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Украина мен Ресей арасындағы атысты тоқтату мүмкіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Америка дауысы" басылымына сілтеме жасап.

Ақ үй басшысы "ол зор үміт күттіретін мәлімдеме" жасаған, алайда оның айтқаны "толық емес" екенін айтады.

"Мен онымен (телефон арқылы немесе кездесіп) сөйлескім келеді. Біз мұны тез арада аяқтауымыз керек", – деді Трамп.

Трамп Ресей тарапынан атыстың тоқтатылғанын көргісі келетінін айтты. Сондай-ақ Мәскеудің Киевке қатысты "дұрыс әрекет ететініне" сенім білдірді.

Мәскеуде өтіп жатқан консультацияларға тоқтала отырып, президент осы кезде "қорытынды келісімнің көптеген мәліметтері талқыланғанын" айтты.

"Біз бәріміз де Ресейдің жауабын асыға күтіп отырмыз. Оларды барлық әскери әрекетті тоқтатуға шақырамыз. Егер олар "жоқ" десе, онда біз әлемдегі жағдайды мұқият зерттеп, (Ресейдің) шынайы мақсаттары мен ниеттерін анықтауымыз тиіс. Меніңше, олар "жоқ" деп айтса, бұл олардың түпкі мақсаттарын анық көрсетеді",  деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу