Трамп Путинді ғана емес, күллі әлемді елең еткізетін жаңалығын айтты

АҚШ президенті Ресейдің шектеусіз қашықтыққа ұшатын "Буревестник" зымыранын сынағанына наразы. 

Трамп Путинді ғана емес, күллі әлемді елең еткізетін жаңалығын айтты Фото: РБК

Сондай-ақ, ол Ресей жағалауында АҚШ-тың ядролық субмаринасы бар екенін еске салып, бір қорқытқандай әсер қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Олар біздің ең қуатты ядролық сүңгуір қайығымыздың өз жағалауларына жақын жүргенін біледі. Сол себепті, бізге 8 мың мильге ұшатын зымыранның қажеті жоқ. Біз бір-бірімізбен ойын ойнап жатқан жоқпыз. АҚШ та зымыран сынақтарын өткізеді. Сондықтан алысқа ататын қарудың қажеті шамалы, – деді ол. 

Бұған дейін ресейлік БАҚ "Буревестник" зымыранын 21 қазан күні сыналғанын хабарлады. Ол 14 000 шақырым ұшып, шамамен 15 сағат әуеде қалықтаған. Зымыран қозғалтқышына орнатылған шағын ядролық реактор арқылы жұмыс істейді. Бұл оның бірнеше күн әуеде қалықтауына мүмкіндік сыйламақ. 

Дәл осы жағдайға ашуланған Трамп Путинге қарата күллі әлем назар салатын сөз айтты. 

– Путин мырза, сізге соғысты тоқтату керек! Бір аптада аяқталуы тиіс соғысты тоқтатуға назар аударылғаны жөн еді. Қазір ол төртінші жылға созылып барады. Путинге зымыран емес, соғысты тоқтату жайлы ойланғаны дұрыс, – деп кеңесін айтты АҚШ президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу