Трамп Путинмен кездесуді асыға күтіп отыр

77

Биыл G20 саммиті өтеді. 

Трамп Путинмен кездесуді асыға күтіп отыр Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп биылғы желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне Ресей президенті Владимир Путиннің қатысқаны дұрыс болар еді деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз кезегінде Ақ үй басшысы Ресейге ресми шақыру жіберілгеніне қатысты ақпараттан бейхабар екенін жеткізді. Ол Путиннің жиынға келетініне күмәнмен қарайтынын да жасырмады.

Бұған дейін The Washington Post басылымы Дональд Трамптың Владимир Путинді алдағы "Үлкен жиырмалық" саммитіне шақыруды жоспарлап отырғанын жазды. AFP агенттігінің хабарлауынша, осылайша АҚШ президенті Ресейдің соғыстан кейін халықаралық аренада оқшаулануын әлсіретуге тырысуы мүмкін.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің G20 саммитіне қатысуына қатысты шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді. Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкинге сілтеме жасаған РИА Новости агенттігі Мәскеуге шақырту келгенін жазды.

"Нақты күні жақындағанда көреміз. Ол уақытқа дейін не болары белгісіз", – деді дипломат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу