"Менің ойымша, біз сөйлесеміз", - деді Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында.
Ол сайлаудың алдын ала қорытындылары шығарылғаннан бері әлемнің 70-ке жуық лидерімен, соның ішінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін айтты. Ол Зеленскиймен болған әңгіменің егжей-тегжейін ашпады.
Бұған дейін Путин 7 қараша, бейсенбі күні Валдай форумында өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың сайланған президентіне телефон соғуға қарсы емес екенін айтқан.
"Олай істемей келгенім Батыс мемлекеттерінің басшылары апта сайын дерлік бір мезетте маған телефон соғып, мүмкіндік бермегендерімен байланысты", - деді ол.