Трамп Ресей мен Қытайды ядролық қарудан бас тартуға шақырды

Оның сөзінше, ядролық қарудың қуаты ақылға қонымсыз. 

Трамп Ресей мен Қытайды ядролық қарудан бас тартуға шақырды Фото: bloomberg.com

АҚШ президенті Ресей мен Қытайға денуклеаризация бойынша келіссөздер жүргізуді бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Newsweek басылымына сілтеме жасап.

Ақ үй басшысынан Франция президенті Эммануэль Макронның басқа еуропалық елдерге ядролық қорғаныс ұсыну туралы мәлімдемесін түсіндіру сұралған.

– Барлығы ядролық қарудан бас тартса, бұл керемет болар еді. Ресей мен АҚШ-тың ең көп ядролық қаруы бар. Ал Қытай төрт-бес жыл ішінде дәл сондай деңгейге жетеді. Егер біз барлығымыз денуклеаризация жүргізе алсақ, бұл тамаша болады, өйткені ядролық қарудың қуаты ақылға қонымсыз, – деді Трамп.

АҚШ президентінің сөзінше, өзінің алғашқы президенттік мерзімінде ол денуклеаризация бағдарламасын іске асыруға тырысып, Ресей және Қытаймен талқылаған. Трамптың айтуынша, Си Цзиньпин бұл ұсынысты ол уақытта қуана қолдайтын еді.

Десе де, 2020 жылғы президенттік сайлауда жеңісті Джо Байден иеленді.

– Сондықтан, біз бұл мәселеге төрт жылдан кейін қайта оралуымызға тура келді. Бірақ мен бұл келіссөздерді бастағым келеді, – деді Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу