"Алты ай деп үміттенемін. Одан әлдеқайда ерте аяқталса деймін. Ресей де, Украина да көптеген жас азаматынан айрылып жатыр. Мұндай шайқас басталмауы керек еді. Бұл соғыс басталмауы қажет еді. Мен президент болып тұрғанда мұндай соғыс болмас еді деп ашып айта аламын", – деп мәлімдеді Дональд Трамп.
Сайлау қарсаңындағы саяси науқан барысында Трамп соғысты президент қызметіне кіріскен алғашқы тәулікте-ақ аяқталады деп сендірген. Енді ол бір тәулік неге жарты жылға айналып шыға келгенін түсіндіріп жатпады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу