Трамп Ресей мен Украинаны келіссөз өткізуге шақырды

650

Оның айтуынша, егер Киев пен Мәскеу келіссөздер үстеліне отырмаса, өлім мен қантөгістен басқа ештеңе қалмайды.

Трамп Ресей мен Украинаны келіссөз өткізуге шақырды

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаны шиеленісті келіссөздер арқылы шешуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ол келісімге қазір келу керектігін мәлім етті.

"Бұл соғыс ешқашан болмауы керек еді, бірақ ол басталып кетті. Атыс басталғанға дейінгі келісім атыстан кейінгісіне қарағанда жақсы болушы еді. Дегенмен де мәмілеге келуге болады", – деді ол.

Трамптың айтуынша, егер Киев пен Мәскеу келіссөздер үстеліне отырмаса, өлім мен қантөгістен басқа ештеңе қалмайды.

Бұған дейін Құрама Штаттардың бұрынғы президенті Солтүстік Атлантикалық альянс (НАТО) Украинадағы қантөгісті болдырмау жөніндегі миссиясын сәтсіз аяқтап, қақтығыс кезінде ешнәрсе істемеді деп мәлімдеді.

"Менің ойымша, 100 жылдан кейін адамдар "біз шегіндік, НАТО артқа шегінді" деп айтады, мен одақты қағаз жолбарысқа теңер едім", – деді ол.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу