АҚШ президентінің әкімшілігі Ресей тарапының санкциялардың күшін жою туралы өтінішін қарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sky News басылымына сілтеме жасап.
Осылайша, Трамп санкцияны алып тастаудың барлық нұсқасын қарастырып жатқан көрінеді. Ол АҚШ, Ресей және Украина делегацияларының Эр-Риядтағы кездесуінен соң ілгерілеу бар екенні жеткізіп отыр.
– Ары қарай не болатынын көреміз. Біз Ресей және Украинамен байыпты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бәрі жақсы жүріп жатыр, – деді ол.
Бұған дейін Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөз жалғасып жатқанын жазған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу