Трамп Reuters агенттігінен үкіметтен алған 9 млн доллар қарызын қайтаруды талап етті

206

Reuters агенттігі үкіметтен "үлкен әлеуметтік алдау" үшін миллиондаған доллар алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты independent басылымына сілтеме жасап.

Трамп Reuters агенттігінен үкіметтен алған 9 млн доллар қарызын қайтаруды талап етті Фото: bloomberg.com

Дональд Трамп Reuters агенттігінен өзінің бірінші әкімшілігі кезінде бөлінген және ақпарат агенттігінен бөлек жұмыс істейтін компанияға аударылған ақшаны дереу "қайтаруды" талап етті.

– DOGE: Қорғаныс министрлігі радикалды солшыл Reuters агенттігіне "жаппай әлеуметтік алдауды" зерттеу үшін 9 000 000 доллар төлеген. Қарыз дереу қайтарылсын! – деп жазды Дональд Трамп Truth Social сайтында.

Тағы бір жазбасында Трамп:

– DOGE: Politico миллиондаған долларларды бостан бос не үшін берді? Баспасөзді сатып алу үшін бе? Салық төлеушілер ақшасы қайтарылсын! New York Times қанша төледі? Олар бұқаралық ақпарат құралдарын сатып алады, – деп қосты президент.

Илон Маск X парақшасында жазба қалдырып, бұл абсолютті алаяқтық екенін алға тартты.

– АҚШ үкіметі Reuters агенттігіне "жаппай әлеуметтік алдау" үшін миллиондаған доллар төледі. Сатып алу тапсырысында осылай айтылған! Бұл абсолютті алаяқтық. DOGE тергеулері Қорғаныс министрлігінен 2018 және 2022 жылдар аралығындағы "үлкен әлеуметтік алдау" жобасы үшін Reuters агенттігіне аударылған "жұмбақ" төлемдерді анықтады, – деп жазды Маск.

Келісімшарт шын мәнінде деректі талдау және тәуекелдерді азайту арқылы өзін "үкіметтер мен жаһандық институттар үшін ауқымды шешімдерді жеткізудегі сенімді көшбасшы" ретінде сипаттайтын Reuters-тің мүлдем бөлек еншілес компаниясына, Thomson Reuters Special Services (TRSS) компаниясына берілді. Компания ақпарат агенттігінен тәуелсіз жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу