Трамп Сауд Арабиясына жаңа шарт қойды

АҚШ президентінің сөзінше, Эр-Рияд алдымен Авраам келісімдеріне қосылып, Израильді ресми түрде мойындауы тиіс. 

Трамп Сауд Арабиясына жаңа шарт қойды Фото: REUTERS / SAUL LOEB

Осылайша, Дональд Трамп Сауд Арабиясымен жасалған азаматтық ядролық келісімге сәйкес жаңа шарт қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

АҚШ Сауд Арабиясының тек бейбіт мақсаттағы азаматтық ядролық бағдарламасын дамытуын қолдап отыр. Десе де, келісімнің толық іске асуы корольдіктің Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасты қалыпқа келтіруіне байланысты болмақ. 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт те бұл талапты растаған. Оның сөзінше, Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтірмесе, ядролық келісім жүзеге аспайды.

Осыған дейін Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Палестина мемлекетінің құрылуына нақты жол ашылмайынша, Израильмен дипломатиялық қатынас орнатпайтынын мәлім еткен-ді. 

Сауд Арабиясы әзірге Трамптың талабына қатысты ресми пікір білдірмеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу