Трамп тағы бір тосын шешім қабылдады

425

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

Трамп тағы бір тосын шешім қабылдады Фото: Reuters

1 қазаннан бастап АҚШ-та импортталған дәрі-дәрмектерге – 100 пайыздық, жүк көліктеріне – 25 пайыздық, ал жиһазға 50 пайызға дейін кедендік баж салығы енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Бұдан басқа Трамп шетелде өндірілген барлық жүк көліктеріне де 25 пайыздық баж салығын енгізетінін айтты. Оның сөзінше, бұл шешім АҚШ-тың Peterbilt, Kenworth, Freightliner және Mack Trucks секілді отандық өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданды. Президент осылайша ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай әрекет етіп отырғанын жеткізді.

Жиһазға әртүрлі мөлшердегі салықтар белгіленді. Мәселен, ас үй жиһаздары, жууға арналған құралдар және оларға қатысты тауарларға – 50 пайыз, жұмсақ жиһазға 30 пайыз көлемінде баж салығы енгізіледі.

Жалпы соңғы уақытта Ақ үй басшысы көптеген сауда серіктестеріне қатысты тарифтік саясатты күшейтіп отыр. Еуроодақ жоғары тарифтерді болдырмас үшін 7 тамыздан бастап көптеген тауарлар бойынша 15 пайыздық бірыңғай тарифті қабылдауға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу