Трамп тағы да Қытайды айыптады

898

АҚШ президентінің айтуынша, егер де америкалық билік тиісті дәрежеде әрекет жасамағанда вирустан 2,5 миллион адам қаза табар еді.

Трамп тағы да Қытайды айыптады Фото: reuters.com

Ақ үй басшысы Дональд Трамп пандемияның Қытайдан басталғанын ұмытпау керектігін мәлім етті.

"Егер біз жеткілікті түрде шаралар қабылдамағанда, вирус құрбандарының саны 2,5 миллионға жетер еді. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы үшін жасаған мәлімдемемді тыңдадыңыздар. Қытай вирустың таралуын өз шекарасында тежеп, басқа елдерге жайылып кетуін болдырмауы тиіс еді", – деді ол.

Трамп Бас Ассамблеяның 75-ші сессиясында пандемияның таралғаны үшін Қытайды жауапқа тарту керек деп айтқан еді.  Бұған дейін де америкалық президент ресми Бейжің індеттің өршуін бәсеңдету үшін жеткілікті түрде шара қабылдамады деп айыптаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу