Трамп тағы да сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы мәлім етті

1201

2020 жылғы 27 желтоқсанда ол бас прокурордың міндетін атқарушыдан президенттік сайлау қорытындысын заңсыз деп жариялауын өтінген еді.

Трамп тағы да сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы мәлім етті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2020 жылғы президенттік сайлауда орын алған заң бұзушылықтар туралы жаңа дәлелдер жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Еліміз бұрын-соңды көрмеген деңгейде алаяқтық пен заң бұзушылықтар салдарынан сайлаудың әділ өтпегенін растайтын деректер бар", – деді ол.

Саясаткер радикалды солшыл демократтармен байланысы бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай фактілерді жасырды деп айыптады.

Бұған дейін АҚШ-тың бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ричард Донохью экс-президент Дональд Трамптың 2020 жылғы президенттік сайлау нәтижелеріне ықпал ету мақсатымен жасалған әрекеттерін әшкерелеген еді. Трамптың ісі жазылған құжат өкілдер Палатасының қадағалау комитетіне жіберілді.

Құжатта 2020 жылғы 27 желтоқсанда Трамптың бас прокурордың міндетін атқарушы Джеффри Розеннен президенттік сайлау қорытындысын заңсыз деп жариялауын өтінгені жазылған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу