Трамп G7 саммитінен шұғыл кетіп қалды

380

Сол күні Ақ үй басшысы Иранға қатысты тағы бір жазба жариялады.    

Трамп G7 саммитінен шұғыл кетіп қалды Фото: nypost.com

АҚШ Президенті Дональд Трамп Канадада өтіп жатқан "Үлкен жетілік" (G7) саммитінен шұғыл түрде кетіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Трамптың бұл шешіміне Таяу Шығыстағы ахуал себеп болған. Ақпаратқа сәйкес, АҚШ Президенті саммит аясында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен ауқымды сауда келісіміне қол қойды.

"Көп нәрсе атқарылды. Алайда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Трамп мемлекет басшыларымен кешкі астан кейін еліне оралады", – деді Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.

CBS News-тің хабарлауынша, Трамппен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио да Вашингтонға ұшады.

Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздікке жауапты әкімшілік өкілдеріне Ақ үйде жиналуды тапсырған.

Ливиттің мәлімдемесіне дейін АҚШ Президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранға қатысты жазба жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу