Трамп Таяу Шығыстан келген босқындарға қарсы жарлыққа қол қоймақшы – БАҚ

1012

Трамп Таяу Шығыстан келген босқындарға қарсы жарлыққа қол қоймақшы – БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп  сәрсенбі күні Таяу Шығыс елдері азаматтарының АҚШ-қа кіруін шектеуге қатысты бірнеше жарлыққа қол қоймақшы. Бұл туралы ішкі қауіпсіздік министрлігіндегі дереккөзге және конгрессмендер тобына сілтеме жасап Reuters агенттігі  хабарлады, деп жазады РБК.

Атап айтқанда, жаңа заңдар босқындардың, сондай-ақ  Ирак, Иран, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йеменнен бірқатар тұлғаның қазіргі қолданыстағы америкалық визамен Құрама Штаттарына кіру мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді.

Сайлау науқаны барысында Трамп батыс елдерінің миграциялық саясатын сынға алған болатын.  Ол, әсіресе, елге босқындарды кіргізіп жіберген Германия канцлері Ангела Меркельдің шешімін "үлкен қателік" деп атады. "Олар қайдан келді? Олардың қайдан келгенін ешкім де білмейді", – деп түсіндірді миллиардер бір сұхбатында.

Мұнымен қатар Трамп көрші Мексикадан көші-қонға да шектеу енгізуді қолдап отыр. Ол көрші елмен шекараға қабырға тұрғызып, оның ақысын Мехикоға төлеттірмекші болған.

Трамптың айтқан уәделерінің тағы бірі –  АҚШ-тың шекарасынан заңсыз өткендерді екі жылға түрмеге отырғызу.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу