Трамп телепродюсерді Ұлыбританиядағы арнайы өкіл етіп тағайындады

176

Бұл туралы Ақ үйдің жаңа басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.

Трамп телепродюсерді Ұлыбританиядағы арнайы өкіл етіп тағайындады Фото: корреспондент.net

АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп телепродюсер Марк Бернетттің Ұлыбританияға арнайы өкіл болып тағайындалғанын жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марк Бернетт – Трамптың өзі қатысқан "Аман қалған" (Survivor), "Шарк танк" (Shark Tank), "Дауыс" (The Voice) және "Кандидат" (The Apprentice) сияқты шоулардың авторы.

"Телевизия өндірісі мен бизнесте көрнекті мансап құрған Марк дипломатиялық қырағылық пен халықаралық танудың бірегей үйлесімін әкеледі", – деп жазды саясаткер. 

Марк Бернетт бұған дейін салаға қосқан үлесі үшін 13 Emmy сыйлығының иегері Metro-Goldwyn-Mayer (MGM) компаниясын басқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу