Трамп TikTok-қа тыйым салуды кейінге қалдырды

189

Дональд Трамп АҚШ-та TikTok-қа тыйым салуды талап ететін заңның орындалуын 75 күнге кейінге қалдыратын жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамп TikTok-қа тыйым салуды кейінге қалдырды Фото: habr.com

– Бұл шара Трамп әкімшілігіне миллиондаған америкалықтар қолданатын қарым-қатынас платформасын бірден жауып тастамай, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-әрекет бағытын айқындауға мүмкіндік береді, – делінген бұйрықта.

Бұған дейін TikTok АҚШ-тағы 170 миллион пайдаланушыға қызметін қайта бастады, өйткені бір күн бұрын Дональд Трамп TikTok-қа 90 күндік жеңілдік беруге ниетті екенін және инаугурациядан кейін тиісті хабарлама жасайтынын мәлімдеді.

Инаугурацияда сөйлеген сөзінде Трамп иммиграция мен экономикаға назар аударатын "атқарушы бұйрықтар сериясына" қол қоятынын және "оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай" жариялайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу