Трамп TikTok-сатып алу туралы келісімді мақұлдады

623

Қытайлық сервисті Oracle сатып алады.

Трамп TikTok-сатып алу туралы келісімді мақұлдады Фото: rbc.ru

АҚШ-тың Oracle деп аталатын IT компаниясы қытайлық TikTok видео сервисін сатып алатын болды. Ақ үй басшысы Дональд Трамп сауда келісімін мақұлдады. Бұған дейін ол егер Қытайдың ByteDance компаниясы TikTok-тың америкалық сегментіндегі акцияларының бақылау пакетіне ие болса, келісімге жол бермейтінін мәлім еткен еді.

Трамптың айтуынша, Құрама Штаттардың сервисті сатып алуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өйткені америкалық билік TikTok тұтынушылар туралы деректерді Қытайдың арнайы қызметіне жіберіп отырады деген пікірде. Тіпті Орталық барлау қызметі TikTok қолданушыларының смартфондарындағы ақпаратқа қол жеткізуге болатынын растады. Бірақ деректердің Қытайға жіберіліп отырғанын дәлелдей алмаған. 

Еске сала кетсек, тамыз айында Трамп видео сервис 15 қыркүйекке дейін кез келген америкалық компанияға сатылсын деген талап қойған еді. Бастапқыда Microsoft келіссөздер жүргізе бастаған еді, кейін қытайлық сервисті Oracle сатып алатыны белгілі болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу