Трамп TikTok-ты бұғаттау мерзімін тағы кейінге қалдырды

294

Келісімнің нақты шарттары жарияланбады.  

Трамп TikTok-ты бұғаттау мерзімін тағы кейінге қалдырды Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok қосымшасын ел аумағында бұғаттау мерзімін төртінші рет кейінге қалдырып, 16 желтоқсанға дейін шегерді. Бұл туралы The New York Times жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 қыркүйекте АҚШ пен Қытай TikTok-ты америкалық тараптың бақылауына беру бойынша алдын ала келісімге келгендері белгілі болды. Ақ үй басшысы TikTok-ты сатып алғысы келетін ірі компаниялар бар екенін хабарлады. 

19 қыркүйек күні Трамп қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен телефон арқылы осы мәселе турасында сөйлесуі тиіс. Келісімнің нақты шарттары ресми түрде жарияланбады.

АҚШ Конгресі TikTok қосымшасы бойынша заң қабылдаған болатын. TikTok-тың Қытайға қатысы жоқ жаңа иесі табылмаған жағдайда, онда қосымшаға ел аумағында тыйым салынады делінген. Ақ үй қосымшаның Аспан асты елімен байланысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деген пікірде. Вашингтон Бейжің бұл қосымшаны америкалықтарға қатысты құпия ақпаратты жинау немесе өз үгіт-насихатын тарату үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу