Бұл туралы inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Трансгендерлер бұдан былай әйелдер арасындағы спорттық жарыстарда төбе көрсете алмайды. Оларға тыйым салатын жарлыққа Трамп қол қойып отыр.
Жарлық негізінен мектеп, университет және әуесқой жарыстарға қатысты болмақ.
– Енді әйелдер спорты тек әйелдерге арналады. Осы жарлықпен әйелдер спортына қарсы "соғыс" аяқталады, – деп мәлімдеген Трамп құжатқа қол қоймас бұрын.
Сонымен қатар, АҚШ трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартпақ.
Трамп Халықаралық Олимпиада комитетін 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына дейін трансгендер спортшыларға қатысты ережелерін өзгертуге көндіретінін хабарлаған.
Еске салайық, былтыр Трамп АҚШ үкіметі тек екі жынысты, яғни еркек пен әйелді ғана ресми түрде танитынын мәлімдеген еді.