Трамп түрмеге отырса да, президент сайлауына қатыса береді

194

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп соттың соңғы үкіміне қарамастан алдағы президенттік сайлауда республикалық партияның кандидаты ретінде ұсынылады.  

Трамп түрмеге отырса да, президент сайлауына қатыса береді Фото: reuters

Мұндай мәлімдемені ұлттық партия комитетінің тең төрағасы және Ақ үйдің бұрынғы басшысының келіні Лаура Трамп CNN арнасына берген сұхбатында жасады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Біз Дональд Трампты Республикалық партиядан ұсынамыз. Сайып келгенде, бұл маңызды", — деді ол.

Трамптың іскерлік құжаттарды бұрмалау туралы үкімін 11 шілдеде Нью-Йорктегі сотта судья Хуан Мерчант шығаруы керек. Лара Трамп республикашылдар сайлау науқанын 15 шілдеден бастайды, өйткені сот үкімін ескеру керек болады. 

Ол Трамптың "соңғы үкімін" Америка азаматтары 5 қарашада дауыс беру күні шығаратынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу