Ол енді Твиттерді жауып тастауы ғажап емес, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазір заңгерлерімен кеңесіп жатқан Ақ үй жетекшісі егер оларды жабу заңды болса, мен одан бас тартпаймын деді. Күні кеше Трамп елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын реттейтін жарлыққа қол қойған еді. Мәселенің ушығуына Твиттер модераторларының Трамптың жазбаларынан жалған ақпарат тарауы мүмкін деп күдіктенуі ықпал етті. АҚШ Президенті мұны сөз бостандығын бұзу және елдің саяси өміріне араласу деп санайды.
"Твиттердің жасап отырғаны дұрыс емес. Ол бейтарап, бұқаралық платформа болуы керек еді. Енді әр жазбаны редакторлап отырса, демократия жайына қалады", – деді Дональд Трамп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу