Трамп Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне Кит Келлогты ұсынды

142

Кит Келлог бүгінде – АҚШ армиясының отставкадағы генерал-лейтенанты.

Трамп Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне Кит Келлогты ұсынды Фото: МК

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне Кит Келлогты ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен генерал Кит Келлогтың кандидатурасын президент көмекшісі және Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне ұсынуға қуаныштымын. Біз бірге бейбітшілік орнатып, Американы қайтадан қауіпсіз етеміз", – деп жазды Дональд Трамп. 

Трамп бұған дейін АҚШ президенті болған тұста Кит Келлог Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істеп, вице-президент Майк Пенстің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған болатын. 

Бұған дейін Кит Келлог соғыс майданын ағымдағы позициясында тоқтатып қойып, ресми Киев пен Мәскеуді келіссөз жүргізуге мәжбүрлеу арқылы Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынған болатын. Ол соғысты келіссөз арқылы шешуге үндеп, Украина тарапының ауқымды шығындарға батуына алаңдаушылық білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу