Трамп Украина мен Ресейді татуластырғысы келеді

1196

Сөз арасында Джо Байденге сын айтылды.

Трамп Украина мен Ресейді татуластырғысы келеді Фото: РБК

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы президенттік сайлауда ол жеңіске жетсе, Украина мен Ресей арасындағы келісім жасалады деп мәлімдеді. Ол татуластыру миссиясына бір күн жететініне сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz Fox News сілтемесімен.

"Мен Украина мен Ресей Президенттері Владимир Зеленский мен Владимир Путинді өте жақсы білемін, екеуімен де жақсы араласамын. Мен Зеленскийге: "Сізге бір мәмілеге келу керек дер едім", - деді Трамп.

"Ал Путинге айтарым: " егер сіз мәміле жасамасаңыз, біз Украинаға сіз ойламаған көмек көрсетеміз (қару – жарақ-шамамен. ред.) Украинаға қажет болған жағдайда бұрынғыдан бірнеше есе береміз", - деп жалғастырды ол.

Дональд Трамптың айтуынша, бейбітшілікке бір күнде-ақ жетуге болады.

Сонымен қатар президенттікке үміткер қазіргі америкалық президент Джо Байденді бұл мәселені тиімді шешуге қабілетсіз санайды. Оның пікірінше, Байден қазір не болып жатқанынан хабары жоқ, ештеңкені түсінбейтін адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу