Трамп: Украинадағы қақтығысты бір-ақ күнде тоқтатар едім

630

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазір Ақ үйде билік құрса, Украинаның Қарулы қақтығысын бір-ақ күнде бейбіт жолмен шеше алатынын айтты.  

Трамп: Украинадағы қақтығысты бір-ақ күнде тоқтатар едім Фото: ura.news

Ол тиісті мәлімдемені бір күн бұрын өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер Мен президент болсам, Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа жол берілмес еді. Бірақ қазір, қолымда билік жоқ кездің өзінде, 24 сағат ішінде осы қорқынышты, ұзаққа созылған соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізе алар едім", - деп жазды Трамп.

Бұған дейін саясаткер АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден әкімшілігінің Украинаға қатысты әрекеттеріне түсініктеме бере отырып, қақтығысты Киевке миллиондаған долларлық көмек жіберудің орнына келісім жасасу арқылы аяқтау керек деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, экс-президент Киевке заманауи батыс танктерін беру украин қақтығысының ядролық деңгейге дейін өршуіне әкелуі мүмкін деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу