Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр

195

Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр Фото: РБК

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Сирия туралы айтып, Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасасқысы келетінін айтты.

"Ресей мен Иран қазір әлсіреді: бірі Украина мен экономикасының құлдырауынан, екіншісі Израиль мен оның табысты жауынгерлік әрекеттерінен. Сол сияқты Зеленский мен Украина да мәмілеге келіп, бұл ақылға сыймайтын әрекетті тоқтатқысы келеді", – деп жазды Трамп.

Трамп тез арада атысты тоқтатып, келіссөздерді бастау қажеттігін айтты.

Айта кетсек, 2024 жылы 7 желтоқсанда Парижде Франция, АҚШ және Украина басшыларының кездесуі өтті. Бұл – Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы шетелдік сапары, сондай-ақ оның Америка Құрама Штаттарының жаңа сайланған президенті ретінде Зеленскиймен алғашқы кездесуі болды. Көшбасшылар Францияға өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстары аяқталған Нотр-Дам шіркеуінің ашылу салтанатына қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу