Трамп Украинаны НАТО-ға кіргізбейді

211

АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтің НАТО-ға қосылуына үзілді-кесілді қарсы екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп Украинаны НАТО-ға кіргізбейді Фото: flickr.com / Gage Skidmore

ТАСС басылымының мәліметінше, ол Украинаға АҚШ пен Еуропа тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Бірақ бұл НАТО аясында емес. Кейбір нәрселер ешқашан болмайды", – деді Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге бара жатқан ұшақ бортында журналистерге.

Сондай-ақ ол "Иә, Еуропамен бірге – бұл мүмкін" деп қосты. Дегенмен, қандай кепілдіктер ұсынылуы мүмкін екені туралы нақты ақпарат берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу