Дональд Трамп Украинада президент сайлауын өткізуді ұсынды

АҚШ президенті мұндай пікірін сейсенбі күні айтқан.

Дональд Трамп Украинада президент сайлауын өткізуді ұсынды Фото: www.politico.com

Бұл туралы New York Post басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дональд Трамп америкалық делегацияның Сауд Арабиясында ресейлік ресми тұлғалармен келіссөздерінен кейін Украинаға ұнамайтын сөздер айтты. 

– Украинада сайлау болмаған, дұрысында Украинада әскери жағдай қолданылатын ахуал қалыптасып отыр, – деп мәлімдеген ол. 

Жалпы, Трамп Зеленскийдің сауалнамада 50 пайыздан сәл жоғары бағаланатындығына қарамастан, "мақұлдау рейтингі 4 пайыз" ғана екенін ескерткен. 

Украинадағы президенттік сайлау 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған болатын. Бірақ, 2022 жылдың ақпан айынан бері ел әскери жағдайда болғандықтан сайлау өткен жоқ.
2023 жылы Зеленский ел қорғаныста жүрген уақытта сайлау өткізу "саяси алауыздыққа" алып келетіндігін сөз еткен. 

Трамптың Зеленскийге қатысты риторикасы Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен соң және командасы Сауд Арабиясында келіссөздер жүргізгеннен кейін өзгерген сынды. 

– Олар үстел басынан орын алғысы келген кезде халық мұны жасау керектігін айтуға да болады. Украина халқы "бізде сайлау біраз уақыттан бері өтпегенін білесіздер ме?" деп айтпауы тиіс пе еді? – деді Дональд Трамп Украинаның кездесуге қатысу ниетіне жауап ретінде.

АҚШ президенті өзінің Украинада сайлау өткізу қалауын Ресейдің ісі емес екенін назарға салған. 

– Бұл – менің, көптеген өзге де елдің айтып отырғаны. Білесіздер ме, Украина құрып барады, – деп нақтылай түсті ол. 

Трамп содан соң Зеленскийді АҚШ бөлген қаражатты тиімсіз пайдаланды деп айыптап отыр. 

– Берген ақшаның бәрі қайда? Қайда кетті? Мен бұл жайында еш уақытта есеп-қисап көрген емеспін. Біз жүздеген млрд доллар береміз. Ешқандай есеп-қисабын көріп отырғаным жоқ. Сондықтан мен тыныштық көргім келеді, – деп сөзін жалғады Дональд Трамп.

Еске салайық, Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында АҚШ пен Ресей делегациясына алғаш рет бейбіт келіссөздер өткізген болатын. 4,5 сағатқа созылған кездесуге Украина өкілдері қатыспады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу