АҚШ президенті Дональд Трамп ел астанасында ТЖ режимін жариялап, Джозеф Байденнің 20 қаңтарға белгіленген инаугурациясына дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін федералды көмек жіберді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мұндай шешімнің арқасында федералды билік жедел режимде қаражат бөле алады. Ескере кететін жайт, 44-ші президент Барак Обама Трамптың инаугурациясына дейін мұндай шара қабылдамаған еді.
11 қаңтарда АҚШ билігі Байденнің инаугурациясына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді бастап кетті. 20 қаңтарға дейін Ақ үй мен Конгрестің жанында орналасқан әкімшілік кешендер, дүкендер мен тамақтану орындары жабылуы мүмкін. Вашингтондағы қауіпсіздіктің қамтамасыз ету үшін елдегі Ұлттық гвардияның 15 мыңға жуық әскери қызметшілері жұмылдырылмақ.
Табиғат Нұрболат
Фото: tass.ru