Сол себепті, Венесуэлаға баратын және одан шығатын санкцияға іліккен барлық мұнай танкерін бұғаттау туралы бұйрық беріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
– Біздің активтерімізді ұрлағаны үшін және терроризм, есірткі контрабандасы мен адам саудасын қоса алғанда басқа да көптеген себепке байланысты Венесуэла режимі шетелдік террористік ұйым деп жарияланды, –дейді Ақ үй басшысы.
Ол АҚШ Венесуэла маңындағы әскери белсенділікті күшейтетінін де еске салған. Трамптың сөзінше, Венесуэла АҚШ-тан бұрын ұрлап алған барлық мұнайды, жерді және өзге де активтерді толық қайтармаса, үлкен соққы беретінін қатаң ескертті.
– Заңсыз Мадуро режимі осы ұрланған кен орындарынан алынған мұнайды өз кәсібін, наркотерроризмді, адам саудасын, кісі өлтіру мен адамдарды ұрлауды қаржыландыру үшін пайдаланып отыр, – деп жазған АҚШ президенті.
Бір апта бұрын Трамп "Біз Венесуэла жағалауында өте үлкен танкерді басып алдық" деп хабарлаған болатын.
Бұған дейін ол 7 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салған еді.