Трамп Венесуэла президенті мен жұбайы қолға түскені туралы жазды

555

Бұл туралы ол Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамп Венесуэла президенті мен жұбайы қолға түскені туралы жазды Фото: Leon Neal / Getty Images

АҚШ-тың Президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы ірі әскери операция сәтті жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл операция Венесуэла басшысы Николас Мадуроға қарсы бағытталған және нәтижесінде Мадуро жұбайымен бірге қолға түсіп, елден тыс жерге әкетілген.

Трамптың ресми мәлімдемесінде операция АҚШ-тың құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылғаны айтылған. Ол бұл әрекетті "ауқымды соққы" деп атап, алдағы уақытта қосымша мәліметтер жарияланатынын жеткізді.

Сондай-ақ Дональд Трамп осы мәселеге байланысты сол күні сағат 11:00-де Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз конференциясы өтетінін хабарлады. Конференция барысында операцияның мән-жайы мен оның салдары туралы толық ақпарат беріледі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу