Трамп АҚШ-тың оңтүстік шекарасын жауып тастады

166

Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Трамп АҚШ-тың оңтүстік шекарасын жауып тастады Фото: www.aa.com.tr

АҚШ Президенті Дональд Трамп АҚШ-тың оңтүстік шекарасы арқылы заңсыз мигранттардың өтуін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. 

"Бүгін президент Трамп Америка Құрама Штаттарына оңтүстік шекара арқылы заңсыз кіретін шетелдіктерді тоқтататын жарлыққа қол қойды", – делінген Ақ үй таратқан хабарламада.

Президент Ұлттық қауіпсіздік департаментіне, Әділет министрлігіне және Мемлекеттік департаментке оңтүстік шекара арқылы елге кіретін заңсыз иммигранттарды шығару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды бұйырды.

Дональд Трамп оңтүстік шекара арқылы АҚШ аумағына кірген заңсыз мигранттардың елде қалу құқығын шектеді.

Осыған дейін Трамп инаугурацияда сөйлеген сөзінде заңсыз иммигранттардың ел территориясына енуін тоқтатуға уәде берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу