Трамп жақын арада Путинмен сөйлесетінін айтты

207

Бұл туралы АҚШ президенті БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде хабарлады.

Трамп жақын арада Путинмен сөйлесетінін айтты Фото: BBC

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен жақын арада телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен мұны істеймін. Бізде өте жақсы диалог бар", – деді ол Ақ үйдегі журналистерге.

Трамптың сөзінше, бастапқыда ол Украинадағы дағдарысты шешу Путинмен жеке қарым-қатынасы арқасында жеңілірек болады деп ойлаған. Алайда іс жүзінде бұл процесс әлдеқайда күрделі болып шыққан.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Парижде "тілек білдірушілер коалициясының" кездесуі өтті. Жиын барысында еуропалық көшбасшылар Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылап, Трамппен телефон арқылы байланысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу