Трамп жақын арада Зеленскиймен кездеседі

Мұны ол Шарм-эш-Шейхтен Вашингтонға барар жолда БАҚ өкілдерімен әңгіме барысында айтып қалды. 

Трамп жақын арада Зеленскиймен кездеседі Фото: Фото: Alexander Drago / Reuters

ТАСС ақпарат агенттігінің жазуынша, қос президент Ақ үйде кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Дональд Трамп 17 қазанда Украина президенті Владимир Зеленскийді қабылдауға ниетті екенін растап отыр. 

Дегенмен, АҚШ көшбасшысы Украинаға америкалық Tomahawk зымырандарын жеткізу мүмкіндігі туралы сұрақтан жалтарған. Бұл мәселеге келгенде ол үнсіз қалған. 

Осыған дейін "Financial Times" газетінің журналисі Кристофер Миллер әлеуметтік желідегі парақшасында 17 қазанда Вашингтонда Трамп пен Зеленскийдің кездесуі жоспарланғанын үш дереккөздің растағанын хабарлаған-ды. Бірақ, ол уақытта ештеңе нақыт емес еді. 

Сонымен қатар, Миллердің мәліметінше, өткен демалыс күндері Трамп пен Зеленский телефон арқылы да сөйлескен. Онда Tomahawk зымырандарын Украинаға беру мәселесін талқылаған-мыс. 

Ал осы аптада Вашингтонда украин делегациясы америкалық әріптестерімен бірқатар келіссөз өткізеді деп күтіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу