Ол өзге мемлекеттерге жаңа баж салығының енгізілуін 90 күнге шегеретінін мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Десе де, Дональд Трамп Қытай тауарларына салынатын салықты одан әрі көбейтіп отыр.
Lianhe Zaobao басылымы "АҚШ-тың ондаған сауда серіктесіне көп мөлшерде "өзара тарифтер" енгізіледі" деп қабылданған шешуші сәтке санаулы сағат қалғанда Трамп ұстанымын басқа бағытқа өзгерткенін жазды. Ол мәлімдемесінде әлемдік нарыққа құрметсіздік танытқаны үшін, Қытайдан әкелінетін тауарларға тариф мөлшерін 104%-дан 125%-ға дейін арттыратынын айтты.
– Бұл шешім дереу күшіне енеді, – деп қоса кетті Трамп.
АҚШ президенті 75-тен аса елдің бүгінде келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді.
– Менің қатаң ескертуімнен кейін, бұл елдердің ешқайсысы қандай да бір тәсілмен немесе форматпен Құрама штаттарға қарымта қайтарған жоқ. Сондықтан, мен Қытайдан өзге елдерге енгізілетін тарифтерді 90 күнге кідірте тұруға және осы аралықта оның мөлшерін 10%-ға дейін төмендетуге жарлық бердім, – деп хабарлады Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында.
Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Левиттің сөзінше, бұл шешімнен соң Қытайдан басқа барлық елге тек 10% көлемінде баж салығы салынады.
Бұл жаңалықтан кейін АҚШ-тың қор нарығында негізгі индекстер айтарлықтай өсіп, облигациялардың табысы таңғы айырбас кезіндегі жоғары шектен сәл төмендеген.