АҚШ Президенті Дональд Трамп жеті мемлекетке қатысты жаңа кедендік тарифтер енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құжаттарға сәйкес, 1 тамыздан бастап аталған елдерден келетін тауарларға 20-30% аралығында кедендік баж салығы қолданылады.
Жаңа мөлшерлемелер сәуірде жарияланған бастапқы деңгейлерге ұқсас болғанымен, кейбір мемлекеттер үшін бұрынғыдан жеңілдетілген шарттар ұсынылған.
Мысалы, Шри-Ланкаға қатысты тариф 44%-дан 30%-ға дейін, ал Иракқа – 39%-дан 30%-ға дейін төмендетілген. Есесіне, Филиппинге қойылған бұрынғы 17% мөлшерлеме 20%-ға дейін артты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу