Трамп зорлық жасады деп айыпталды

1028

Дональд Трамптың басы тағы дауға қалды. Нью-Йоркте Трамп зорлық жасады деген айыппен азаматтық сот ісін қарау басталады.  

Трамп зорлық жасады деп айыпталды Фото: yandex.kz

Журналист Э. Джин Кэрролл бұрынғы президент оны 1990 жылдары дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде зорлады деп шағымданғаннан кейін азаматтық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Кэрролл 1995 жылдың аяғында немесе 1996 жылдың басындағы Трамппен кездейсоқ кездесу зорлықпен аяқталғаны жайында жақында куәлік етеді деп күтілуде.

Оның айтуынша, ол Манхэттендегі Bergdorf Goodman-да болашақ Президентті кездейсоқ кездестіреді. Кейін Трамп сыйлыққа әйелдер іш киімін алу керек деп журналистті дүкен аралауға шақырған. Киімнің түр-түрін киіп, ойынға айналған кездесу соңында екеуі киім ауыстыратын бөлмеде оңаша қалған. Сол кезде Трамп оны қабырғаға қысып, оны зорлаған көрінеде, кейін қыз оны итеріп, қашып кеткен.

Кэрролл бұл жағдай туралы алғаш тек 2019 жылы жарияланған естеліктер кітабында айтып, ашыла жазған. Трамп оны зорлмағанын айтып, тіпті, сол кезде Elle журналының шолушысы болған Кэрроллды танымайтынын жеткізді.

Дональд Трамптың айтуынша, Кэрролл өзінің кітабына деген қызығушылықты арттыру үшін оған қатысты қауесет таратқан. Бұрынғы президент оны "есі ауысқан" деп, "психикалық ауруы бар" дегенге келтірді.

Сот оны кінәлі деп тапқанның өзінде ол түрмеге қамалмайды, себебі сотта бұл жағдай азаматтық іс ретінде қаралады, алайда оның саяси өміріне нұқсан келетіні сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу