Трамп зымырандар туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді

1313

Трамп зымырандар туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп 1987 жылғы орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ақ үй басшысының айтуынша, Құрама Штаттардың мұндай шешімге келуіне Ресейдің келісімді сақтамауы себеп.

Бұған дейін ақпарат құралдары президент Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі дүйсебі күні болатын Мәскеуге сапары барысында осы шешімді жеткізеді деп хабарлаған.

Дональд Трамп, АҚШ президенті: -" Біз келісімшартты сақтап келдік. Ал Ресей оның талаптарын орындамай отыр. Сондықтан біз одан шығуды жөн көріп отырмыз. Маған дейін президент Обама бұл келісімнен неге шықпағанын білмеймін. Бірақ біз енді оларға ядролық келісімді бұзуға жол бермейміз", - дейді Дональд Трамп.

Ресей тарапы мәселеге қатысты өз ұстанымын білдірді. Сенатор Алексей Пушковтың мәлімдеуінше, егер Вашингтон мұндай қадамға баратын болса, әлемдік стратегиялық қауіпсіздік жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу