Пелоси: Трамп импичментіне қатысты тергеу заңсыз

992

Республикашылдардың істің қаралуы мен тергеудің басқа да аспектілеріне әсер етуге мүмкіндіктері бар.

Пелоси: Трамп импичментіне қатысты тергеу заңсыз

АҚШ Конгресі өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси демократтардың импичмент бойынша тергеуін ақыры заңыз деп мойындады. Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысы Стефани Гришэм мәлім етті. 

"Біз резолюция мәтінін көрмейінше, бұған қатысты нақты жауап бере алмаймыз. Дегенмен Пелоси ақыры бұл тергеулердің заңсыз екенін мойындады. Бұны америкалықтар да жақсы біледі. Демократтардың осы іске қатысты отырыстары заңға қайшы келеді", – делінген Ақ үй жариялаған құжатта. 

Бұған дейін Пелоси демократтардың импичмент жариялау процедурасын тергеу туралы резолюцияны осы аптада алғаш рет өкілдер палатасының дауыс беруіне жіберетінін мәлімдеген болатын. Бірқатар америкалық басылымның хабарлауынша, резолюция бойынша дауыс беру бейсенбі күні өткізіледі. 

Трамп пен оның жақтастарының ойынша, енді республикашылдардың істің қаралуы мен тергеудің басқа да аспектілеріне әсер етуге мүмкіндіктері туады. Ал өкілдер палатасының спикері бұған дейін заңнамада мұндай дауыс беруді тергеу алдында жүзеге асыруға міндеттейтін заңның жоқ екенін бірнеше мәрте жариялаған болатын. 

Табиғат Нұрболат
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу