Трампқа қатысты сот отырысы өтті

448

Экс-президент өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарды.

Трампқа қатысты сот отырысы өтті Фото: AP

Майами соты АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тағылған айыптауларға қатысты сот отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі AP-ға сілтеме жасап.  

Саясаткер мемлекеттік құпия құжаттарды үйінде заңсыз сақтағаны үшін айыпталып, 37 пункт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ, Трамп оларды мойындаудан бас тартып отыр. Экс-президенттің айтуынша, "істің саяси астары бар". 

"Ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәліметтерді қорғайтын заңдарымыз бұлжытпай орындалуы тиіс. Заң үстемдігін сақтау – Әділет департаментінің негізгі ұстанымы. Сондықтан бұл елде заң талаптары барлығына ортақ", - деді Құпия құжаттар бойынша арнайы кеңесші Джек Смит. 

АҚШ-тың 45-ші президенті 2021 жылы Ақ үйді босатқан кезде құпия құжаттарды өзімен бірге алып кеткен, тіпті, оған сұрау салғанда, қайтарудан бас тарқан.

Енді, бұл іс бойынша шешімді алқабилер шығаруы тиіс. Егер Дональд Трамптың кінәсі дәлелденсе, саясаткерге ірі көлемде айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айырылуы да ықтимал. 

"Бәріміз бұл істің қолдан жасалғанын біліп отырмыз. Өйткені, елімізде сыбайлас жемқорлық фактісі бар. Оның кесірі тұтас ұлт болып дамуға кесірін тигізіп отыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек", - деді АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп. 

Айта кетерлігі, АҚШ тарихында мұндай оқиға алғаш рет тіркеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу