АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп федералды әділет органдары өткен тамызда оның резиденциясында табылған құпия құжаттар туралы іс бойынша оған ресми түрде айып тағылғанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Байденнің жемқор әкімшілігі менің адвокаттарыма айып тағылғанын хабарлады", - деп жазды Трамп Twitter-дегі микроблогында.
Трамп қатысты ресми айыптаулар 13 шілде Майамиде өтетін сот барысында белгілі болады. Осыдан кейін саясаткерге бұлтартпау шарасын таңдап, тергеу материалдары жарияланады. The New York Times газеті екі дереккөзге сілтеме жасай отырып, істе жеті эпизод, соның ішінде өтірік ант беру және әділеттілікке кедергі жасау үшін сөз байласу болатынын хабарлады. Тергеуді арнайы тағайындалған тәуелсіз прокурор Джек Смит жүргізеді.
Өз мәлімдемесінде Трамп өзінің кінәсіздігін атап өтті.