Трампқа тағы да айып тағылды

446

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа 2020 жылғы сайлауға араласу ісі бойынша жаңа айып тағылды. Мұны сот базасында жарияланған құжат дәлелдейді. 

Трампқа тағы да айып тағылды Фото: cnn

Бұрынғы америкалық көшбасшы 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийдегі зорлық-зомбылық пен дүрбелең арқылы сайлау нәтижелерін бекітуге кедергі жасағысы келгені үшін айып тағылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Жарияланған айыптау қорытындысында Трамп Вашингтонда сотқа шақырылғаны жазылған. БАҚ мәліметтері бойынша, сот отырысы 3 тамызда сағат 16.00-ге (Астана уақытымен 02.00) тағайындалды. 

Алқабилердің үлкен қазылары бұрынғы америкалық көшбасшыны "АҚШ-ты алдау үшін сөз байласу", "ресми процедураларға араласу мақсатында сөз байласу", "ресми процедураларға араласу әрекеті", "құқықтарға қарсы сөз байласу" үшін жазаға тарту мүмкін екенін білдірді.

Алқабилердің айыптау қорытындысын бекітуі заң бойынша талап етіледі, содан кейін ғана прокуратура істің айыпталушысын айыптауға құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу