Трампқа жасалған қастандықты алдын алуға болатын еді

257

Америкалық Конгресстің жұмыс тобы АҚШ Құпия қызметінің жұмысында бірқатар олқылықтарды анықтады.

Трампқа жасалған қастандықты алдын алуға болатын еді Фото: Известия

Сарапшылардың айтуынша, Республикалық партиядан президенттікке үміткерге жасалған қастандықтың алдын алуға болатын еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы оқиғаны зерттеген АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының жұмыс тобының жарияланған есебінде сарапшылар осындай тұжырымға келген.

Сарапшылар құпия қызмет агенттері мен жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында тиісті жоспарлау мен үйлестірудің жоқтығын ең үлкен олқылық деп атады. Сондықтан күзет Трамп митингте сөйлеп жатқан кезінде жақын маңдағы ғимараттың төбесінен оқ жаудырған адамды анықтап, залалсыздандыра алмады.

Құпия қызмет басшылығы митингке қатысушылар жиналған периметрден тыс қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдеріне нақты нұсқаулар бермеді және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында жиналыс өткізбеді.

"13 шілдедегі қайғылы әрі таң қалдыратын оқиғалардың алдын алуға болатын еді, оны болдыртпау керек еді", – деп қорытындылады конгресстің жұмыс тобының мүшелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу