Трампты тынбай қолдаған Илон Маск 148 млрд долларынан айырылды

5363

Маск – әлемдегі ең бай адам.  

Трампты тынбай қолдаған Илон Маск 148 млрд долларынан айырылды Фото: epravda.com.ua

Америкалық бизнесмен және миллиардер Илон Маск екі айда 148 миллиард долларынан айырылды. Осыған қарамастан ол әлі де әлемдегі ең бай адамдардың қатарында болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Bild-тың жазуынша, Масктың байлығы 321 миллиард долларға бағаланады. Десек те, сарапшылар миллиардердің байлығы азайып жатқанын айтады. Бұған Тесла акцияларының Дональд Трамптың президенттік инаугурациясынан кейін 40%-дан астамға құлдырауы себеп.

Тесланың дәстүрлі тұтынушылары – либералды көзқарастары бар сатып алушылар компания басшылығынан теріс айналып жатыр.

Ақпан айында компания 43 650 көлік сатты, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға аз. Еуропада соңғы уақытта сату көлемі 75%-ға төмендеген.

Инвесторлар компаниядағы ахуалға алаңдаушылықпен қарап отыр. Кейбірі Илон Маск Tesla басшылығынан кетуі тиіс деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу