Трампты жеңу үшін бар ақшамды жұмсауға әзірмін – М.Блумберг

744

Америкалық миллиардер Reutеrs агентігіне берген сұхабатында осылай деді. 

Трампты жеңу үшін бар ақшамды жұмсауға әзірмін – М.Блумберг

Блумберг өзінің басты мақсаты Трамптан құтылу екенін жасырып отырған жоқ. "Трампты президенттік сайлауда жеңу үшін ақшамды аяп жатқан жоқпын. Жұмсап жатқан қаражатты көбейтейін бе әлде азайтайын ба?", – дейді ол. 

Айта кетейік, миллиардердің президенттік сайлауға қатысатыны 2019 жылдың қараша айында белгілі болған еді. Дерек бойынша, телеарналардан көрсетілетін жарнамаға ол 200 миллион доллардай қаржы бөлген. Ол сайлаушыларға қазіргі Президентті жеңемін деп уәде етіп отыр. Бірақ ол үшін демократтар Блумбергті партия атынан жалғыз үміткер ретінде ұсынуы керек. Ал оған дейін Блумберг праймеризде сайлаушылардың және шілде айында болатын партиялық съез делегаттарының қолдауына ие болуы керек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу