Трамптың аккаунты бұғатталғаннан кейін, Twitter акциялары арзандады

805

Қазір оның акциялары шамамен 47 долларға саудаланып жатыр.

Трамптың аккаунты бұғатталғаннан кейін, Twitter акциялары арзандады

Сауда қорытындысы бойынша Twitter компаниясының акциялары шамамен 8%-ға арзандады. Бұған себеп болған фактор – АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп аккаунтының бұғатталуы. 

Қазір оның акциялары шамамен 47 долларға саудаланып жатыр. 
Еске сала кетсек,9 қаңтарда әлеуметтік желі басшылығы Трамптың парақшасын біржола бұғаттап тастаған еді. Компания өкілдерінің айтуынша, президент жазбалары зорлық-зомбылыққа әкеліп соғуы мүмкін деген байлам осындай қадамға баруға мәжбүр еткен. 

Бұған дейін Facebook пен Instagram да белгісіз мерзімге Трамптың парақшаларын жауып тастаған еді. Бұған 6 қаңтарда Конгресс ғимаратында орын алған тәртіпсіздіктер себеп болды. Трамп 20 қаңтарда биліктен кетіп, орнына демократ Джозеф Байден келеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: bbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу